Мини-футбол турнирі
А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен мини-футбол турнирі өтті.
2025 жылғы 25 қыркүйекте А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының 30 жылдық мерейтойы аясында ЕАГИ Спорт клубы, Жастар ісі жөніндегі комитеті, ЕАГИ студенттік Парламентінің Спорт және салауатты өмір салты фракциясы Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп мини-футболдан турнир өткізді. Тартысты бәсекеде бірінші орынды « Қайрат ФК» командасы («Тарих», «Қаржы», «Аударма ісі», «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының біріккен командасы), екінші орынды «Джунгари» («Тарих» білім беру бағдарламасының командасы) және үшінші орынды «Джиги» («Тарих», «Қаржы», «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламаларының біріккен командасы) жеңіп алды.
Сондай-ақ турнир қатысушылары арасында келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
- «Үздік қақпашы» – Асылбеков Санжар («Қаржы» білім беру бағдарламасы);
- «Үздік ойыншы» – Курман Хайролла («Тарих» білім беру бағдарламасы).
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, сондай-ақ турнирді ұйымдастырушылар Молдагалиев Исламға («Тарих» білім беру бағдарламасы), Жиенше Абылайға («Тарих» білім беру бағдарламасы) Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының грамоталары, алғыс хаттары және бағалы сыйлықтары табысталды.












