“Becoming a Teacher” атты халықаралық онлайн курсы

ШТ-23-02 және ИЯ-23-01 топтарының студенттері FutureLearn платформасы мен The Open University бірлесіп ұйымдастырған “Becoming a Teacher” атты халықаралық онлайн-курсқа қатысты. Олар мұғалім мамандығының ерекшеліктерімен танысып, педагогикалық қызметтің артықшылықтары мен қиындықтарын талқылады, шетелдік әріптестермен пікір алмасты, сондай-ақ педагогикалық бағдарламаларға өтініш дайындау бойынша практикалық ұсыныстар алып, кәсіби бағдар жолында маңызды қадам жасады. Студенттерге оқу барысында кураторлар Г. К. Темиргалиева және А. М. Сарсенова жетекшілік етті.