Жоғары білімде жаңа парадигма: жасанды интеллект пен цифрлық даму
Алматы қаласында М.Тынышбаев атындағы ALT университеті базында 17 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Қазақстан жоғары оқу орындарының басшылық құрамы үшін жасанды интеллектіні жоғары білім мен ғылым жүйесінде қолдануға арналған біліктілікті арттыру бағдарламасы табысты жүзеге асырылды.
Аталған бағдарламаға А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институтының цифрландыру және инновациялар жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының магистрі Айгуль Сержановна Темиргалиева және экономика ғылымдарының магистрі Болат Амангазинович Баймамыров қатысып, жасанды интеллект технологияларын білім беру мен ғылым саласында қолданудың заманауи тәсілдерімен танысты.
