«Құрылтайшы тұлғасы» тақырыбында кураторлық сағат

2025 жылғы 22 қазанда ШТ-23-04 академиялық тобының кураторы Самал Мұрадымқызы «Құрылтайшы тұлғасы» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты институттың негізін қалаушы, Қазақ білім академиясының академигі, көрнекті ұстаз Амангелді Құсайынұлының өмірімен және еңбектерімен танысу болды.

Кураторлық сағат барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Әбілжанұлы Ахметов арнайы қонақ ретінде шақырылып, студенттерге Амангелді Құсайынұлының өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық қызметі және оның білім беру саласына қосқан үлесі туралы қызықты әрі мазмұнды ақпарат берді. Профессордың әңгімесі студенттерді шабыттандырып, ұлы адамның тұлғасы оларға өмірлік үлгі болды.

ШТ-23-04 академиялық тобының студенттері іс-шараға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кураторлық сағат жоғары деңгейде ұйымдастырылып тәрбиелік және танымдық шара ретінде есте қалды.