А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының өкілдері министрдің тұрғындармен кездесуіне қатысты
2025 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана қаласының тұрғындарымен ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Аталған шараға А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ректоры Н.Т. Нығыманова және профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Кездесу барысында министр жас мамандарды мемлекеттік қолдау мақсатында пәтер сертификаттарын табыстады. Сонымен қатар, ғылым және жоғары білім саласында атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша есеп тыңдалып, алдағы даму бағыттары айқындалды.
Бұл кездесу жоғары білім беру жүйесіндегі әлеуметтік қолдау тетіктерінің маңыздылығын көрсетіп, жас мамандарды ынталандыруға бағытталған нақты қадамдардың жүзеге асырылып жатқанын дәлелдейді. Институт басшылығы мен оқытушыларының қатысуы — білім беру ұйымының мемлекеттік саясатты қолдайтынын, саладағы өзекті мәселелерді шешуге белсенді атсалысатынын білдіреді.
