«Менің Отаным – Қазақ елі» кураторлық сағаты
2025 жылдың 23 қазанында А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Қ-23-01 және ҚЭТ-24-01 топтарының кураторы А. Г. Қожахметованың жетекшілігімен Республика күніне арналған «Менің Отаным – Қазақ елі» тақырыбында кураторлық сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларды отансүйгіштікке, туған халқының тілін, мәдениеті және салт-дәстүрін құрметтеуге, сондай-ақ, 25 қазан – Республика күнін мемлекеттік мереке ретінде қастерлеуге тәрбиелеу болды.


