Студенттердің автодеструктивті мінез-құлқы тақырыбына арналған кездесу

2025 жылғы 25 қараша күні А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында студенттердің автодеструктивті мінез-құлқы тақырыбы бойынша Астана қаласындағы «ПДҚО» ШЖҚ РМК-ның суицидолог–психологы Ақжол Разамгүлмен маңызды әрі мазмұнды кездесу өтті.

Кездесуге тәрбие ісі жөніндегі проректор А.Т. Сандыбаева, институт психологы А.Б. Мусиев,  педагог-тәрбиеші Б.Ш. Кадрина қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар:

  • жасөспірімдердегі автодеструктивті мінез-құлықтың негізгі себептерін;
  • оның физикалық (тәуелділіктер, өзіне зиян келтіру қаупі) және психологиялық (өзін-өзі төмен бағалау, шамадан тыс өзін сынау, эмоционалды тұрақсыздық) түрлерін;
  • жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайына әсер ететін факторларды;
  • алдын алу жолдары мен дер кезінде кәсіби көмек көрсету маңызын талқылады.

Ерте белгілерді байқау, жасөспірімдерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызы ерекше аталып өтті.