Тұран-Астанада университетінде Еріктілер күні: ЕАГИ белсенділерінің марапатталуы

2025 жылғы 5 желтоқсанда Тұран-Астана университетінде еріктілер күніне арналған ауқымды шара өтті. Бағдарлама аясында елорданың үздік еріктілерін марапаттау рәсімі өтті.

Еуразия гуманитарлық институтының еріктілері екі марапатқа ие болды:

  • “30 игі іс” республикалық акциясына белсенді қатысқаны үшін;
  • еріктілер қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін Аманат партиясының Алғыс хаты.

ЕАГИ еріктілік мәдениетін ілгерілетуге елеулі үлес қосып келе жатқан белсенді оқу орны ретінде атап өтілді.