«Туған күн» спектаклін тамашалау

2025 жылғы 25 қыркүйекте Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының доценті А. Г. Кожахметова ҚЭТ-25-01 және Қ-23-01 топтарының студенттерімен бірге Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрында қойылған ағылшын драматургі Рэй Кунидің «Туған күн» спектаклін тамашалады.

Комедияда жас отбасының басынан өткен қызықты әрі күтпеген оқиғалар көрсетіліп, көрерменге күлкі сыйлап қана қоймай, ой салды. Ақшаның құдіреті мен адамның мінез-құлқындағы өзгерістерді бейнелейтін бұл қойылым студенттерге ерекше әсер қалдырды.